Көрнекі сурет. Фото: kabar.kg
2011 жылдан бері өткізіліп келе жатқан шараның ұйымдастырушысы – «Мажар-Тұран» қоры. Оған Мажарстан, Моңғолия, Түркия, Әзербайжан, Украина, Аустрия, Германия, Сербияда тұрып жатқан түркі халықтары қатысады.
Шара ерте түркі-ғұн мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртуға бағытталған.
Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы Еділ Мырзахановтың айтуынша, жүз мыңнан астам адамның басын қосатын «Бабалар күні» – екі ел арасындағы мәдени, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, бауырлас халықтардың бірлігін нығайтуға ықпал етеді.
Айтулы шарада әлемнің ең үздік садақшылары өнер көрсетіп, ит жүгіртіп, құс салу сынды саятшылық дәстүр дәріптелді.
Шара барысында әлемдегі ең үлкен киіз үй «Еділ қаған» шатыры тігілді. Оның ішінде мажар ғалымдарының ғұн мен авар мұрасын ұсынатын археологиялық, антропологиялық еңбегі көпшілік назарына ұсынылды.
Түркі халықтарының әуені шырқалып, концерт қойылды.