Қазақстанда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру құны әртүрлі. Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының зерттеуіне сүйенсек, Алматы мен Шымкент қалаларында автосақтандыру құны өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда қымбат екен.

Фото: Shutterstock
Қазақстан заңнамасына сәйкес, әрбір көлік иесінің міндетті автосақтандыру полисі болуы керек. Бұл – күтпеген жағдайлар кезінде көлік иесін қаржылық тұрғыдан қорғауды һәм қолдауды қамтамасыз етуге берілген кепілдік. Сақтандыру полисі болмаған жағдайда айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткішке тең. Бұл дегеніміз – 29 170 теңге.
Қазақстанда автосақтандырудың біркелкі тарифі бекітілмеген. Сондықтан оның бағасы әр өңірде әртүрлі. Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары жүргізген зерттеуде көрсетілгендей, ең қымбат сақтандыру полистері Алматы (49,5 мың теңге) мен Шымкент (41,3 мың теңге) қалаларында тіркелген. Ал ең арзан сақтандыру полистерін Ақмола (11,4 мың теңге) мен Жамбыл (12,3 мың теңге) облыстарының тұрғындары пайдаланып жүр.
Еске сала кетейік, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінің құны әрбір адамға жеке есептеледі. Сондай-ақ оның құны бірнеше факторға тікелей байланысты. Атап айтқанда, айлық есептік көрсеткіштің мөлшері, көлікті басқару өтілі, автомобильдің түрі мен жасы, көлік құралы тіркелген өңір, апаттық коэффициент (бонус-малус) есепке алынады.
– Онлайн-сақтандыру пайда болған сәттен бастап қазақстандықтар сақтандыру құнын өздері есептей алатын мүмкіндікке ие. Яғни сақтандыру агенттерінің көмегінсіз әрі делдалсыз-ақ есеп-қисапты өздері жүргізе алады. Бұл үшін сақтандыру компаниясының сайтындағы автосақтандыру бөліміне кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін, автокөлік нөмірін және ұялы телефон нөмірін енгізу керек. Полис құнын автоматты түрде есептеу үшін аталған деректер жеткілікті, – дейді Freedom Finance Insurance мамандары.
Компания өкілдері әлемнің бірқатар еліндегі автосақтандыру полистерінің бағасын да есептеп көрген екен. Мәселен, Германияда полис құны 150 еуродан 1 мың еуроға дейін құбылады. Бұл 176-1 174 АҚШ долларына тең. Ұлыбританияда автосақтандырудың бір жылдағы орташа құны 465 фунт стерлинг деп бағаланып отыр – 645 доллар. Италияда полистің орташа құны – 500 еуро – 587 доллар. АҚШ-тағы автосақтандырудың орташа бағасы 500 доллардан басталады. Жапонияда бұл көрсеткіш бір жылдық мерзім үшін 117 долларға тең. Қытайлықтар бір жылдық автосақтандыру полисін сатып алу үшін 950 юань – 146 доллар төлейді. Ресейде міндетті автосақтандырудың орташа құны 2 746-4 942 рубль немесе 37-67 доллар тұрады.
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Бүгін, 20:45
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:23
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Бүгін, 20:00
Жайна Шекербекова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокс • Бүгін, 19:47
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Бүгін, 19:30
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Бүгін, 19:12
Елордада іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді
Елорда • Бүгін, 18:58
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті
Бокс • Бүгін, 18:43
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Бүгін, 18:25
Шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға қанша қаржы бөлінді
Қоғам • Бүгін, 18:16
Тыйым салынған діни кітаптарды таратқан әйел жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҰҰ Қазақстанның экология саласындағы бастамаларына қолдау жасайды
Экология • Бүгін, 17:52
Алматыда «Атакент» маңында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:45
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 17:38
Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты қосымша тапсырма берді
Қоғам • Бүгін, 17:33
Аймақтар • Бүгін, 17:27
«Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 17:17
Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:06
Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:00
Қаржы • Бүгін, 16:56
Президент туған күніне байланысты құттықтаулар әлі де келіп жатыр
Президент • Бүгін, 16:52
Мәжіліс депутаттары халықты референдумға қатысуға шақырды
Парламент • Бүгін, 16:45
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Қазақстан-Чехия бағытында әуе рейсі ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Павлодар жағалауында қамыс өртенді
Оқиға • Бүгін, 16:17
Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 16:10
35 мыңға жуық ресейлік азамат Қазақстаннан ЖСН алған
Қоғам • Бүгін, 15:57
Еліміздегі Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі маусымда аяқталады
Коронавирус • Бүгін, 15:51
Енді қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі
Қоғам • Бүгін, 15:44
Көкшетауда есірткі тасымалдаған жас жігіт ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Пандемиямен күреске қанша қаржы жұмсалғаны айтылды
Коронавирус • Бүгін, 15:28
Жамбылда жалған неке куәлігін жасатқан әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:22
«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директорлары қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:18
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Президент • Бүгін, 15:11
Қоғам • Бүгін, 15:10
Финляндия мен Швеция НАТО-ға мүшелікке ресми өтініш берді
Әлем • Бүгін, 15:00
Шымкентте жол апатынан бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:50
Елімізде киік саны көбейіп келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:41
Қала көшелерінде көкпар тартқандар қамалды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Ұқсас жаңалықтар