Саясат • 18 Тамыз, 2021

OneWeb елімізде жұмыс істеуге ниетті

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төмен орбиталық спутниктік топтар өндірісін жолға қойған OneWeb корпорациясы Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті. Осы мақсатта компанияның технология жөніндегі аға директоры Валери Гинесте бастаған делегация елордада отандық ғарыш индустриясының өкілдерімен кездесті.

OneWeb елімізде жұмыс істеуге ниетті

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ бас­пасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, OneWeb әлемді сапалы интернетпен қамтып, мәлімет­терді жоғары жылдамдықпен тарату мақсатында төмен орбиталық спутниктік жүйесінің жа­һандық желісін құруды көздеп отырған жетекші компаниялардың бірі саналады.

Биыл сәуірде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен халықаралық корпорацияның арасында спутниктік байланыс саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді. Ведомство басшысы Бағдат Мусин бұл уағдаластық Қазақстанның шалғай өңірлерінде орналасқан елді мекендерді OneWeb-тың спутниктері арқылы кең жолақты интернетпен қамтуға мүмкіндік беретінін айтқан.

Кездесу барысында корпорация өкілдерімен OneWebDemo жобасын іске асыру, спутник элементтерінің өндірісін оқшаулау, сол секілді Ghalam кәсіпорнының өндірістік базасы мен ғарыш аппараттарын құрастыру-сынақ кешенінде екінші буындағы OneWeb демо-спутниктері және фазалық антенналық тор технологиясын пайдаланып, электронды түрде басқарылатын антенналарды сынақтан өткізу мәселелері пысықталды.

Бұған қоса, тараптар Ұлттық ғарыш орталығында OneWeb спутниктік топтамасын пайдалану арқылы фазалық антенналық тор жүйелеріне тестілік сынақ жүргізілетініне уағдаласты. Аталған сынақтар OneWeb Demo жобасымен бірге, тұтастай Қазақстанда OneWeb инновациялық төмен орбиталық спутниктік жүйені пайдалануға байланысты аймақтық сараптама орталығын қалыптастыруға бағытталады.

Соңғы жаңалықтар