21 Қаңтар, 2014

Жақсылыққа жетелейді

292 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мына мәселені баса айтқымыз келеді: халық Елбасының Жол­дауынан жақсылық күтеді. Жұрттың бәрі әлеуметтік же­лілерді жіті бақылап, Ақор­да­ның Twittrer парақшасын әл­сін-әлсін жаңартып, ақпарат агенттіктерінде жарияланған жаңалықтарды назарда ұстап отырды. Осы жылғы Жолдаудың тікелей эфир арқылы емес, интернет кеңістігі арқылы таралғаны оның халық үшін маңызының жоғары екенін бірден айқын­дады. Себебі, Twittrer мен Facebook секілді әлеуметтік же­лі­лерде әлеуметтің ақжолтай ақпаратты ағайынға жеткізіп, дем арасында оған елдің үн қосып жатқанына куә болдық. Заманауи техника халықтың игілігіне осылай жұмыс жасады. Мысалы, бір қолданушы «Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 15 пайызға артатын болды» деген ақпарат жолдады. Ал оның астына жазылған елдің пікірінде есеп жоқ. Ел Жолдаудан жақсылық күтеді дегенді осындай дүниелерге сүйеніп айтып отырмыз.

Тағы бір мысал. Елбасы Жол­дауынан кейін Қызылорда облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері шұғыл жиналды. Сөйтіп, биыл­ғы жыл­­дың ең маңызды құжа­тын тал­қылады. Жиынды аш­қан об­лыс­тық Ассамблея төраға­сының орынбасары – хатшылық басшысы Асылбек Жұмабаев биылғы Жолдаудың бұрынғыдан өзгерек екенін ерекше атап өтті.

– Біз Кеңес заманында тәрбиеленген, қалыптасқан ұрпақпыз ғой. Дегенмен, Елба­сының Жолдауын әлеуметтік желілер арқылы, ақпарат агент­тіктеріне шыққан материалдар бойынша қарап отырдық. Ал жастардың қолдарындағы ұялы телефондары арқылы Жолдаудан үзік-үзік үзінділерін оқығанын көргенде ерекше қуандым. Бүгінде Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті. 2050 жылға дейін әлемнің озық 30 елінің қатарына кіретінімізді айтты бүгін Елбасы. Оның тұжырымдамасы алдағы күндері жарияланатынын білдік. Жалақы өседі, шәкіртақы артады. Сонымен қатар, алдағы жыл­дарда Қазақстанда үш ауы­сым­дағы мектептер болмайды. Елбасы Үкіметке мектеп­тер­дің барлығының екі ауысымда жұ­мыс істеуі керектігін тапсырды. Бұл ретте Қызылорда облы­сын­да үш ауысымда оқытып жат­қан мектептердің жоқ екенін қуа­ныш­пен айтқым келеді, деді ол.

Ал «Болашақ» универ­си­те­тінің проректоры Болат Нәсіпов:

– Елбасы қазақ тілінің ғылым мен білім, интернет тіліне айналғанын мәлім етті. Бұл негізсіз емес. Себебі, бүгінде Голландия, Германия секілді Еуропа мемлекеттерінде қазақ тіліндегі ғылыми мақалаларды жариялайтын журналдар шығады. Яғни, Еуропада біз өзіміз жазған еңбектерді еш қиындықсыз жариялай аламыз. Бұл қазақ тілінің әлемдік өркениетке шыққанының бір белгісі. Ал интернет тіліне айналды дегенін бүгінгі Жолдауды жұрттың барлығы ғаламтор арқылы алып, талдап, зерттеп жатқанынан анық аңғаруға болады,– деп ортаға өз ойын салды.

Жиын барысында облыстағы мәдени орталықтардың жетек­шілері кезек-кезек сөз алып, Қазақ­стандағы тұрақтылық пен татулықтың барлығы Елбасының сындарлы саясатының арқасында болып жатқанын жеткізді. Жыл сайын Қазақстан халқына арналатын Жолдаудың өзі мемлекет дамуындағы серпінді құжат екені айтылды.

Сонымен қатар, қызыл­ордалықтар Елбасы Жолдауын теледидар арқылы да тамаша­лады. Мысалы, кеше ғана «Қазақ­станның Еңбек Ері» атағын Елбасының қолынан алған Абзал Ералиев басқаратын «Абзал және К» толық серіктестігінің ұжымы Жолдауды бірлесе көрді. Ал мұнай өндіру саласында аймақтағы озық компаниялардың бірі «ҚазГермұнай» біріккен кәсіпорнының басшысынан жұмысшысына дейін Жолдауда айтылған сөздерді саралады. Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мем­лекеттік университетінің шәкірт­тері жаңадан ашылған «Сту­денттер үйінде» жылдың басты құжатының мәніне бойлады.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

ҚЫЗЫЛОРДА.

Соңғы жаңалықтар