Үкімет • 18 Тамыз, 2021

Мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтау қажет – Асқар Мамин

2750 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтау қажет – Асқар Мамин

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Ауруханалардағы орын 53 және реанимациялық бөлімдері 47 пайызға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды», деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Түркістан облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында вакцина салу қарқыны жақсы. Ал Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакцина салу қарқынын күшейту керек. Вакцина қорын толықтыру шаралары қабылданып жатыр.

«Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет», деді Асқар Мамин.