Қоғам • 18 Тамыз, 2021

Биыл 10 мыңнан астам азаматқа қандас мәртебесі берілді

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 тамыздағы жағдай бойынша 10 398 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 80,7 мың этникалық қазақ қоныс аударған, деп жазады Egemen.kz. Аzattyq ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 10 мыңнан астам азаматқа қандас мәртебесі берілді

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,4%) Өзбекстаннан, 10,1% – ҚХР-дан, 6,4% – Түркіменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,6% – басқа елдерден келгендер.

Тарихи отанына оралғандардың дені Алматы (29,8%), Түркістан (14,2%), Маңғыстау (18,4%) және Жамбыл (8,3%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,6%) қаласына жайғасқан.

Тамыздағы жағдай бойынша, отанына оралған қандастардың 55,4%-ы еңбекке қабілетті жастағылар, еңбекке қабілетті жастан кішілері - 26,2%, зейнеткерлер - 18,4%.

Еңбекке қабілетті жастағылардың 11%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 45,6%-ы жалпы орта білімді және 3,8%-ның білімі жоқ.