21 Қаңтар, 2014

Аймауытовқа ескерткіш орнатылады

419 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Газетіміздің 14 қаңтар, сей­­­сенбі күнгі санында «Аймауы­­тов­тың жазығы не?» деген мақа­ла жарияланған болатын. Онда облыс орталығында орна­тыла­­тын Алаштың ардақтысы Жүсіп­бек Айма­уытовқа арнал­ған құ­ны 60 миллион теңге тұра­тын ес­керт­кіштің облыстық мәсли­хат­тың шеші­мімен басымдығы жоқ шы­ғын­дар қатарына жатқызы­лып, қыс­қарып қалғаны айтыл­ған-ды. Жұртшылық, қазақ қа­уы­мы күтіп жүрген ескерткіш Жүсіп­бек Аймауытов атындағы облыстағы музыкалық-драма театрының алдынан орын алуы тиіс-ті. Олай болса, Аймауытовқа келгенде билік басындағылардың үнемшіл бола қалғаны қалай?!

Аймауытовтың жазығы не? Аймауытов қазақ үшін қымбат. Облыстық мәслихаттағылар осыны ойлады ма екен?! – деген едік.

Енді, міне, облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың баспасөз қызме­­­­тінен жауап та келіп үлгерді. Онда былай делініпті: «Облыс әкімдігі қазақтың біртуар ұлы, жазушы, драматург, аудармашы, Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш қою туралы облыстық мәслихаттың шығарған шешімін мүлдем жойған жоқ. Ескерткішке қатысты әзірленген жоба қайта қаралып, шешім қабылданады. Сондай-ақ, ескерткішке арналған қаражатты жергілікті бюджеттен немесе басқа қаражат көздерінен бөлу мәселесі де тиісті шешімін табатын болады». Бәрекелді!

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.