Биылғы 16 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 20,7 млн тонна ірі азық дайындалды, бұл жоспарланған жылдық көлемнің 81,7%-ын құрайды.
Осы жылғы 23 тамыздан бастап ірі азықты республикадан шығаруға уақытша тыйым салуды енгізу туралы шешім күшіне енеді, биылғы 1 қыркүйектен бастап мал жемін экспорттауға квоталау енгізіледі.
«Қабылданған шаралардың арқасында жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі жалпы тұрақтанды», деді А. Мамин.
Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.