Мамандардың айтуынша, республикада қалыпты ауа райы күтіледі. Антициклон әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы орнайды.
«Тек шығыс пен оңтүстік-шығыстан фронталь бөліктер өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады және екпінді жел соғады. Ауа температурасы күндіз солтүстікте 23-30 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25-40 градус, орталық пен шығыста 17-35 градусқа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.