21 Қаңтар, 2014

Аман, Есен, Жүрсін!

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-ушемТараздағы №1 қалалық балалар ауруханасының перзентхана бөлімінде қала тұрғыны Айнұр Көшпенбетова есімді жас ана дүниеге үшем әкелді. Олардың әрқайсысының салмағы 2,5 килограмм.

 

Тараздағы №1 қалалық балалар ауруханасының перзентхана бөлімінде қала тұрғыны Айнұр Көшпенбетова есімді жас ана дүниеге үшем әкелді. Олардың әрқайсысының салмағы 2,5 килограмм.

01-ушем

Айнұр аяғы ауыр кезде об­лыс­тық денсаулық сақтау бас­қар­­масының жолдамасымен Ал­ма­ты қаласының акушерлік-гине­кологиялық институтында алдын алу тексерулерінен өтіп, жүкті әйелдерде болатын асқынулардан емделген. Сондай-ақ, Тараз қала­сындағы №4 қалалық емханасын­­да есепке тұрып, тұрақты түрде дә­рігерлердің бақылауында болған.

Айнұр Көшпенбетова мен оның жұбайы Қанат Орынбековтің бұған дейін 3 баласы бар болатын. Енді, міне, олардың қатарына Аман, Есен және Жүрсін есімді бауырлары қосылып, жас жұбайлар бірден көпбалалы отбасына айналды. Айнұр әзірге жұмыс істемейді, ал күйеуі көлік жүргізуші болып еңбек етіп жүр. Дәрігерлердің айтуынша, балалар қажетті салмағын қосып, тиісті қалпына келгенше медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.

Облыста өткен жылы жалпы 27 028 бала, оның ішінде 13 106 ұл, 13 922 қыз өмірге келіпті. Соның ішінде 3 отбасы үшем қуанышына бөленген. Бүгінде олардың барлығы сау-саламат өсіп келеді.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

ТАРАЗ.

–––––––––––

Суретте: Аман, Есен, Жүрсін анасы мен кіндік ше­ше­лерінің ортасында.

 

Суретті түсірген

Шолпан Тайжанова.

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Кеше