Спорт • 18 Тамыз, 2021

Елорда спортшыларына қала әкімінің білім гранты беріледі

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл тұңғыш рет Нұр-Сұлтан қаласының спортшы талапкерлеріне қала әкімінің білім гранты беріледі, деп жазады Egemen.kz.

Елорда спортшыларына қала әкімінің білім гранты беріледі

Қала әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, жоғары білімді мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын Еуразия ұлттық университеті жүзеге асырады. 

«Небір мықты спортшылар, ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген спорт шеберлері мектеп кездерінен жаттығу залында жүріп, ҰБТ тапсырғанда ақсап жатады. Мемлекеттік грантқа ілінбеген спортшылар қолжетімді мамандыққа тапсыруға мәжбүр болады. Соның салдарынан біз үміт артып отырған спортшыларымыздан айырылып қалып жатамыз. Мемлекет басшысы жастардың спорттық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр, тиісінше жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Қала әкімі Алтай Сейдірұлы ұсынысымызды қолдап, Нұр-Сұлтан қаласының спортшыларына 50 грант беру туралы шешім қабылдады. Жоғары оқу орындарын аяқтаған соң, мамандар жаттықтырушы, нұсқаушылар ретінде қалалық спорт ұйымдарына жұмысқа қабылданады. Солай біз өз кадрымызды дайындаймыз», деді Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.