Аймақтар • 18 Тамыз, 2021

Ақтөбеде 350 орындық көпбейінді аурухана салынады

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ақтөбеде жаңа көпсалалы аурухана салу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде 350 орындық көпбейінді аурухана салынады

«Министрлік Ақтөбе облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдады. Кешенді жоспар жобасында 2 денсаулық сақтау объектісін салу, кемінде 25 мекемені күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу, сондай-ақ өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру көзделген. Кешенді жоспар жобасында республикалық деңгейде 350 төсектік «Ақтөбе қаласында көпбейінді аурухана салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру жоспарланған», деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Жобаны іске асыру үшін Ellington Properties LLP түрік Rönesans Holding компаниясымен бірлесіп RenEll компаниясын құрды.

«Жоба қолданыстағы және ескірген жедел медициналық жәрдем ауруханасының орнына қарастырылған, құрылыс кезеңінде 700 жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 600 жұмыс орнын құру жоспарлануда», деді министр.