Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін И.Ларин көшесіндегі көпқабатты үйде түскі уақытта орын алған.
Жедел жәрдем жергілікті сағат 12.30-да шақыртылды. Алайда 1961 жылғы ер адам ауыр жарақаттан жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.