21 Қаңтар, 2014

Жасампаздықтың жарқын бағдарламасы

249 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласындағы «Достық» үйінде Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңей­тіл­ген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бола­­шақ» атты Қазақстан халқына Жол­­дауын талқылау өткізілді. Оған кеңес мүшелері, облыстағы 18 эт­но­мә­дени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты. Отырысты Ақ­төбе облысы Қазақстан халқы Ас­самб­леясы хатшылығының меңгерушісі Қы­дырғали Ермұханов қысқаша сөз сөйлеп ашып, Жолдаудың ел да­муы­ның жарқын болашағын айқындаған бағдарламалық құжат болып табылатынына тоқталды. Ол Жолдаудың «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған ерекше ауқымды міндеттерді жүзеге асыру жолдарын ашып, дамыта түсетінін атап өтті.

Отырыста сөз алған «Эллада» грек этномәдени» қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы Ян Липириди Елба­сы Жолдауының мәні мен маңызы­на тоқтала келіп, оның қазақс­тан­дық­тардың бақуатты тұрмысын қамтама­сыз етуге өзек болған бағыттарын тарқата әңгімеледі.

– Жолдау тақырыбы мен «Қазақ­стан-2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір мүдде» атты Мемлекет бас­шысының Қазақстан халқы Ассам­блеясының ХХ сессиясындағы сөзінің бірізділігін көреміз. Біз бұдан Елбасының гүлденген Қазақстанды қалыптастыру, қуатты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбекті пайдалана отырып, берекелі қоғам құру жолындағы сарабдал саясатының жасампаздығын аңғарамыз. Елбасының бұл жолғы Жолдауының алтын арқауы да халықтың тұрмысын жақсартуға, ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруға бағытталған баян­ды бағдарламаларды құрайды. Онда тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қа­зақстандық жолдан туындаған «Мәң­гілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді. Ортақ Отанымыз – Қа­зақ­стан­ның гүлденуінің іздері айқын­дал­­ған. «Мәңгілік Ел» идеясының жеті қағидасы біздің дамуымыздың база­лық құндылықтарын, халқымыздың ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды, – деді Ян Липириди.

Ол сондай-ақ, Жолдауда Қазақ­станның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену жоспары айтылғанын, ішкі жалпы өнімді 4,5 есеге, жан басына шаққанда 13 мың АҚШ долларынан 60 мың АҚШ долларына жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді. Елбасы Жолдауында дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысын көтеру туралы мәлімделгенін де жағымды жаңалық ретінде баяндады.

– Біз Елбасының әр жылдарғы Жолдауын асыға күтеміз, оған үлкен сенім артамыз. Шыны керек, Нұр­сұлтан Әбішұлының сөзі мен ісі қамшының егіз өріміндей жымдасып жатады. Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға деген халықтың патриоттық сезімі де жоғары. Мен Елбасының биылғы Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдадым. Онда қазіргі қол жеткен табысымызды толықтыра түсудің іздері нақты көрсетілген. «Мәңгілік Елді» нығайту – Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту деп түсінеміз. Сондықтан ұлтаралық келісім мен достықтың тінін бекіте береміз. Бұл жарқын болашақтағы жасампаз істеріміздің тұғыры болатыны сөзсіз, – дейді «Әзербайжандар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе қалалық филиалы кеңесінің төрағасы Шаһбаз Жамалов.

Отырысқа қатысушылар Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ­стан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын бірауыздан қолдай­тындарын білдірді. Жолдауды қолдау, насихаттау және жүзеге асыру­ға байланысты Ақтөбе облысы Қазақ­стан халқы Ассамблеясының өңір тұрғындарына үндеуін қабылдады.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.