Әлем • 18 Тамыз, 2021

Коронавирус: Әлемдегі эпидахуал қандай?

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Украинада бір тәулікте COVID-19 жұқтыру бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус: Әлемдегі эпидахуал қандай?

Бразилияда 20,5 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 570 000-нан асты. Өткен тәулікте SARS-CoV-2 ауруының 37 613 жағдайы тіркелді. Маусым айында Бразилияның санитарлық қадағалау жөніндегі ұлттық агенттігі «Спутник V» вакцинасын әкелуді және шұғыл қолдануды мақұлдады.

Украина соңғы екі айда КВИ жұқтырудың рекордын жаңартты. Елде бір тәулікте COVID-19 жұқтыру бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. 24 сағат ішінде коронавирустық инфекцияның 1 447 жағдайы расталды, науқастар арасында – 104 бала және 38 дәрігер бар, бір тәулікте 40 адам қайтыс болды. Бұл 10 маусымнан бергі ең жоғары көрсеткіш, ол кезде 1 603 адам ауырған. Украинада індет басталғаннан бері 2 268 666 COVID-19 жағдайы расталды.

АҚШ-та коронавирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші күннен күнге артуда. Билік COVID-19 жаңа толқынын жариялады және оны «Дельта» штамының таралуымен байланыстырды. Анықталған жағдайлардың тәуліктік саны 130 мыңнан асты. Өткен аптадағы індетке шалдығушылардың саны 900 мыңнан асады. Сонымен қатар ауруханаға жатқызылған балалар саны да өсіп келеді. Осыған орай, Ақ үй қайталама вакцина алу мерзімін белгіледі. Вакцинаның үшінші дозасын 8 айдан кейін алуға болады.

Балкан Косово Республикасы барлардың жұмыс уақытын шектеді және түнгі клубтардың жұмысына тыйым салды. 20 тамыздан 1 қыркүйекке дейін мейрамханалар мен кафелер сағат 22:30-да жабылады, келушілерді тек вакцинация сертификаты ұсынылған кезде қабылдай алады. Той қонақтарының ең көп саны 300-ден 150 адамға дейін шектелген. Бұрын мұндай шаралар Солтүстік Македонияда енгізілген болатын.