Әлем • 18 Тамыз, 2021

Үндістан мен Африкада жалған COVID -19 вакциналары анықталды – ДДСҰ

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістанда Covishield вакцинасының жалған нұсқасы табылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап.

Үндістан мен Африкада жалған COVID -19 вакциналары анықталды – ДДСҰ

ДДСҰ мәлімдемесінде шілде мен тамыз аралығында жалған вакцинаның дозасы Үндістаннан ғана емес, Африкадан да  табылған.

Сонымен қатар вакцинан өндіруші ұйым - Үндістанның сарысу институты дозалардың жалған екенін растағанын мәлімдеді.

ДДСҰ жалған вакциналар «әлем халқының денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін» ескертті және оларды айналымнан шығаруды талап етті.

Үндістан үкіметі әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ, бірақ жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, елдің денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені тексеріп жатыр.

Covishield - AstraZeneca вакцинасының үнді нұсқасы, ол Үндістанда ең көп қолданылатын вакцина. Бүгінгі таңда 486 миллионнан астам доза енгізілді.