Елорда • 18 Тамыз, 2021

Колонияға есірткі кіргізбек болған

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сотталушы есірткі заттарын Нұр-Сұлтан колониясына кіргізуге тырысты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Колонияға есірткі кіргізбек болған

Қауіпсіздігі барынша төмен ЕЦ-166/10 мекемесіне сотталғандар салмағы екі грамнан асатын «каннабис шайыры» есірткі заттарын алып өту әрекеті анықталды.

Осылайша, сотталушы жұмыс объектісінен оралғаннан кейін, жеке тексеру кезінде төменгі іш киімнен есірткі заты бар пакет табылды, ол оны мекеме аумағына кіргізбек болған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі «есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды, осы баптың санкциясы 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не 40 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.

«Сотталғандардың есірткі заттарын, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді тұтынуының алдын алу бойынша жұмыс мекеменің жедел-режим қызметтерінің ерекше бақылауында. Жедел ақпарат бойынша сотталғандардың есірткіні қолдануы мен таратуының, сондай-ақ мекеме ішіндегі басқа да төтенше оқиғалардың алдын алуға болады», деп түсіндірді мекеме бастығының орынбасары Нұрсұлтан Айтбеков.