Коронавирус • 18 Тамыз, 2021

Жамбыл облысында 179 адам жансақтау бөлімінде жатыр

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде коронавирус індетін жұқтырудың дерегі Жамбыл облысында да көбейіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 179 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Ағымдағы жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша өңірдегі  инфекциялық стационарларында барлығы 3634 төсек-орын қарастырылған. Оның ішінде 1976 кереует толтырылған. Бұл 54 пайызды құрайды. Бүгінде аймақтағы ауруханалардың жансақтау бөлімдерінде 179 науқас ем қабылдауда.

Өткен тәулікте Жамбыл өңірінде коронавирус жұқтырудың 219,  ал, пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда ауруханадан барлығы 11 мың 713 азамат сауығып шықты. Карантиндік стационарларға 23 тұлға орналастырылған. Сонымен қатар, 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде.