Қазақстан • 18 Тамыз, 2021

Қазақстандық авиакомпанияларға Ауғанстан үстінен ұшуға тыйым салынды

1924 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық авиакомпанияларға Ауғанстанға ұшуға тыйым салынды. Бұл туралы «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық авиакомпанияларға Ауғанстан үстінен ұшуға тыйым салынды

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ отандық авиакомпаниялардың азаматтық әуе кемелерімен Ауғанстанның әуе кеңістігін пайдалану бойынша қауіп-қатерге және тәуекелдер басқармаларына бағалау жүргізді.

«Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігінің үстінен ұшуды жүзеге асыру кезінде жолаушылар мен әуе кемелерінің қауіпсіздігіне әсер ететін тәуекелдер мен қатерлер бар деп шешілді», деп мәлімдеді Қазақстанның авиациялық әкімшілігі.

Жүргізілген бағалау нәтижелері негізінде 16 тамызда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ тұрақты, жүк және чартерлік авиатасымалдарды орындайтын Қазақстанның авиакомпанияларына ағымдағы жағдай тұрақталғанға дейін азаматтық әуе кемелерінің Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігінің үстінен барлық ұшуларға тыйым салуы туралы тиісті нұсқаулар жіберді. Осыған ұқсас нұсқау «Қазаэронавигация» РМК-ға жіберілді.