21 Қаңтар, 2014

Дәрігерлер дән риза

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған биылғы дәстүрлі Жолдауы республика жұртшылығы арасында кеңінен қолдау тауып, ел арасында ерекше бір серпіліс туғызып отыр. Себебі, бұл Жолдауда көпшілік қауымның көкейінде жүрген көптеген өзекті мәселелер өз көрінісін тапқан.

 

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған биылғы дәстүрлі Жолдауы республика жұртшылығы арасында кеңінен қолдау тауып, ел арасында ерекше бір серпіліс туғызып отыр. Себебі, бұл Жолдауда көпшілік қауымның көкейінде жүрген көптеген өзекті мәселелер өз көрінісін тапқан.

Егемен ел атанғалы бері жиырма жылдан астам уақытқа қадам басқан еліміздің күн тәртібіндегі кезекті мәселенің негізгі арқауы әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның, оның экономикасының, барша халқымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып отыр.

«Бірінші байлық – денсаулық» демекші, осы ретте облыс халқына медициналық қызмет көрсетудің жыл өткен сайын жақсарып келе жатқанын атап өткен жөн. Облыстық денсаулық сақтау саласында соңғы 5 жыл ішінде 50-ге жақын нысандар салынып, олар қажетті жаңа инновациялық тех­но­логия­лармен жабдықталып, тұрғын­дардың пайдалануына берілді. Жұмыс істеуге барлық жағдайлар жасалды.

Аурудың алдын алу үшін «скрининг» деп аталатын бағдарлама шығарылып, халық жаппай профилактикалық тексерілуден өтті. «Дәрігерлердің жұмысы – көп, жалақысы – аз», деп дабыл қағып жүргендерге тоқтау болу үшін бұл мәселенің де шешімі табылды. Енді тек жұмыс істеп, халыққа пайдамызды тигізуге тиіспіз. Сондықтан, мен Президенттің биылғы Жолдауы елімізге етене жақын өзекті мәселелерді қамтыған маңызы зор құжат, сондай-ақ, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудың тағы бір белді белесі, оның жарқын көрінісі болды дегім келеді.

Жанар САТЫБЕКОВА,

№2 Тараз қалалық ауруханасы

неврология бөлімінің меңгерушісі.

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51