Қоғам • 19 Тамыз, 2021

Алаяқтықтар Nur Otan-ның атынан хабарласа бастады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаяқтар қоңырау шалып, өзін «Нұр Отан» партиясының қызметкері ретінде таныстырып, 960 мың теңге көлемінде төлем жасауды ұсынады. Бұл үшін олар SMS арқылы жіберілген кодты мәлімдеуді сұрайды, деп хабарлайды Egemen.kz StopFake-ке сілтеме жасап.

Алаяқтықтар Nur Otan-ның атынан хабарласа бастады

Хабарламада төтенше жағдай кезінде мемлекеттен 42 500 теңге алғандар үміткер 960 мың теңге ала алатыны туралы жазылған. Ол үшін алаяқтар 1414 қысқа нөмірінен келген SMS хабарламадағы кодты айтуды сұрайды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  осы нөмірден әлеуметтік төлемдер хабарламасы жіберілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Құрметті пайдаланушылар, азаматтарға әртүрлі құрылымдардан хабарласып,  1414 -тен алынған кодты удф сұрайтындар көбейген. ҰАТ әлеуметтік төлемдерді алу үшін 1414-тен код жібермейтінін ескертеміз. Алаяқтарға ешқандай ақпаратты бермеуді және 1414-тен алынған кодты үшінші тұлғаларға айтпауды сұраймыз», делінген ұйым хабарламасында.

Алаяқтардың мұндай әрекеттері әлеуметтік инженерия деп аталады. Бұл адамның психологиясын ескере отырып, жеке деректерді заңсыз алу әдісі. Мысалы, кей алаяқтар банк қызметкері ретінде хабарласып,  абоненттің есепшотындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құпия деректерді сұрайды.