Соңғы бес жылда 1 сынып оқушылары әріптер әлемімен танысуды «Сауат ашу» оқулығы арқылы бастаған болатын.
«Қазіргі «Әліппенің» бұрынғыға қарағанда маңызды артықшылығы бар - кітапты оқу әлдеқайда жеңіл болды. Сонымен қатар қазір оқулықта қазақстандық құндылықтар белсенді түрде насихатталған. Оқулықтың тағы бір ерекшелігі QR кодтарын қолдану болады: бала смартфонды оқулыққа көрсете алады, содан кейін тапсырманы ести алады және оқулықтағы суреттен кейіпкерлердің қозғалысын көреді, бұл оқушыға жазуды немесе оқуды білмесе де тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді», деді «Оқулық» республикалық ғылыми -практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов.
Жаңартылған «Әліппе» қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 1912 жылы жазған кітабы негізінде жасалған.