Келесі аптада қор ауған жеріне 400 млн доллар бөлу керек болатын. Халықаралық қауымдастықтың бұл шешіміне Ауғанстанның белгісіз статусы себеп болды.
Айта кетейік, тамыз айының басында Халықаралық валюта қоры пандемиядан зардап шеккен әлем экономикасын қалыпқа келтіру мақсатында 650 млрд доллар қаражат бөлу туралы шешімді мақұлдаған еді. Ауғанстан өзіне тиесілі 460 млн доллар үлесінің тек 52 млн долларын ғана иемденді. Ал, күні кеше ғана Ақ үй әкімшілігі де Ауғанстан орталық банкінің резервтерін уақытша бұғаттап, осы елге ірі көлемде доллар жеткізуді де тоқтатып тастады.
Германия билігі де тәліптер билікті басып алса, мемлекетке қаржылай көмек көрсетуін доғаратынын ескертіп отыр.