Бүгінгі таңда мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 228-і жарықтандырылған. Яғни, қамтылу көрсеткіші 43,4 пайызды құрап отыр.
Бұл көрсеткішті арттыру үшін биыл мамыр айынан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыстар қолға алынған болатын. Бүгінгі күнге дейін мердігер мекеме «ABM Building» ЖШС тарапынан 51 көшеге жарықшам орнатылды.
Нақтырақ айтсақ, Абай ауданында – 24 көше, Әл-Фараби ауданында – 6 көше, Еңбекші ауданында – 4 көше, Қаратау ауданында – 19 көше жарықтандырылды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында (ГЧП) 2021–2023 жылдары 312 көше жарықтандырылады деп жоспарлануда.
Жоспар бойынша 2021 жылдың соңына дейін мегаполистегі 104 көше жарықтандырылатын болады. Атап айтқанда, Абай ауданы – 30, Әл-Фараби – 21, Еңбекші ауданы – 22, Қаратау ауданында 31 көше белгіленді.
Ал, 2022 жылы - 102 көше, 2023ж - 106 көше жарықтандырылып, нәтижесінде жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жететін болады.
Егер, көше бойындағы жарық бағаналарының істен шыққанын, жанбай тұрғанын көрсеңіз «Айкөмек» орталығының 109 нөміріне хабарласыңыз.