СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Әсет Жұматаевтың айтуынша, мониторингтік топтар Петропавл мен 13 ауданда соңғы екі аптада 142 рет рейдке шыққан.
Осы аралықта 1433 нысанды тексеріп, 30-ында карантин шектеулерін бұзу деректері белгілі болды.
«Қызылжар мен Ғабит Мүсірепов атындағы екі ауданнан басқасында мониторингтік топтардың жұмыс нәтижесі көрінбейді. Жалпы осы аралықта әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 38 хаттама толтырылды. Оның 35-і жеке тұлғаларға, 3-уі – жеке кәсіпкерлерге қатысты. Айыппұлдың ортақ мөлшері – 2,7 млн теңге», деді Әсет Жұматаев.
Үй карантинін бұзғандар да жауапқа тартылып жатыр. Үй карантині талабын бұзып, қоғамдық орындарда болғандар Ashyq арқылы анықталып жатыр.