21 Қаңтар, 2014

Велоспорт: «Астана» командасының биылғы маусымының тұсаукесер рәсімі өтті

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Velosport

Салтанатты кеш Италияның Брешиа қаласында өтті. Оған команданың демеушілері, спортшылардың отбасы мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдардардың өкілдері қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Рәсімде «Астана» командасының бас менеджері Александр Винокуров биылғы маусымда жарыс жолына шығатын велошабандоздары таныстырып, команданың алдағы мақсат-міндеттерін жария етті. Онда Винокуров 2014 жылы команданың алдына қойған басты мақсаты «Тур де Франс» көпкүндігінде жеңіске жету екендігін айтты. "Өткен жылы барлығымыз ат салысып «Джиро д Италияда» жеңіске жеттік. Діттегенге жету оңай болған жоқ. Бірақ алдымыздан шыққан қиындықтарға мойымай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Брешиа қаласынының төрінде тұғырдың ең биік сатысына көтерілдік. Сондықтан маусымды Брешиада бастау біз үшін үлкен құрмет. Ал алдағы маусымда «Тур де Франста» мықты атануға барымызды саламыз," - деді ол.

Былтыр Брешиада өткен «Джироның» соңғы кезеңіне иығына қызыл күлгін жейдені киіп жеткен «Astana Pro Team» капитаны Винченцо Нибали  «Тур де Франс» қазақстандық велоұжымның алдына үлкен мақсаттар қойып отырғанын айтты. "Шілде айында  өтетін «Тур де Франс» – команданың басты мақсаты. Сондықтан біздің барлық жоспарымыз осы мақсатқа жетуді көздейтін жарыстардан тұрады. Лидседе басталатын мәртебелі көпкүндікке өз бабымызда келеміз деген сенімдеміз. Бірнеше күннен кейін ұзаққа созылатын маусымның беташары Аргентина мен Австралияға аттанамыз. Сондай ақ, біздің команда  Милан-Санремо, Льеж-Бастонь-Льеж, Париж-Ницца, Тиррено-Адриатикода жеңіске таласады, ал  «Джиро Италияда» жеңімпаз жейдесін қорғауға барымызды салатын боламыз. Діттегенге жету оңай болмасы анық. Команданың барлық мүшелері аянып қалмасынада сенімдімін," – деді Нибали.

Осыдан кейін рәсімде «Astana Pro Team» капитаны Нибали бастаған команда шабандоздарымен қатар команданың жаңа мүшелері  Микель Ланда (Испания), Льюв Вестра (Нидерланды), Валентин Иглинский (Қазақстан) мен Микеле Скарпони (Италия) сынды шабандоздардың команда сапына қосылғандығы ресми жария етілді.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: «Astana Pro Team» велокомандасының баспасөз хатшысы Крис Болдиун, www. proteam-astana.com

Соңғы жаңалықтар