
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне орай республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді, тұман түсіп көктайғақ болады. Тек еліміздің батыс аймақтарында ғана күн ашық болмақ. Бұл жайында 24.kz телеарнасы хабарлады.
Ақмола облысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, оның екпіні кейде 30 м/с жетпек. Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 17-22 м/с құрайды. Ал аймақтың Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с болады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында желдің ұйтқуы 30 м/с жетіп, боран соқса, Павлодар облысында да осы көрсеткіш қайталанады деп күтілуде.
Қарағанды облысында күндіз 15-20, түнде 25м/с жел күшейіп, боран соғады. Ал Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болса, Қызылорда облысының кейбір жерлерінде көктайғақ болады деп болжануда.
Әбдірахман Қыдырбек
Дереккөз: 24.kz
Фото: Nur.kz