21 Қаңтар, 2014

Қызылордада монополияға қарсы инспекция бастығы қамалды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-01-14-kyzaylorda-1Қызылордада қаржы полицейлері облыстық монополияға қарсы инспекцияның бастығы Әлім Аймырзаевты (суретте) пара алу фактісі бойынша ұстады. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

«2014 жылғы 16 қаңтарда Қызылорда облыстық қаржы полициясы департаменті қызметкерлерінің облыстық монополияға қарсы инспекцияның бастығы Әлім Аймырзаевқа қатысты жүргізген арнайы жедел іздестіру шараларының нәтижесінде оның пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», – делінген хабарламада.

«Ол 2014 жылдың 15 және 16 қаңтар күндері мемлекеттік сатып алу мерзімін ұзартуға келісім беру үшін «Қызылорда тазалығы» ЖШС директорынан жалпы сомасы 2 мың АҚШ доллары және 295 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталып отыр», – деп түсіндіріледі баспасөз парақшасында.

Соттың 18 қаңтардағы санкциясымен Аймырзаев үйқамаққа алынды.

Қылмыстық істің басқа ақпарлары тергеу мүддесі үшін айтылмай отыр.

Фархат Фазыл.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар