Қоғам • 19 Тамыз, 2021

БҰҰ өкілі Қазақстан үкіметіне алғыс айтты

40 рет көрсетілді

Бірікен ұлттар ұйымының Қазақстандағы тұрақты үлейстірушісі Микаэла Фриберг-Стори ұйымның Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясы (UNAMA) мен АИР-да аккредиттелген БҰҰ-ның басқа да агенттіктерінің Алматыға келуіне байланысты Қазақстан үкіметіне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұйым өкілдерін Алматыда қарсы алу кезінде Микаэла Фриберг-Стори келген топтың құрамында кімдер бар екенін қысқаша баяндады.

«Бүгін БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының өкілдері Алматыға келіп жатыр. Біз Қазақстан үкіметіне көрсеткен қолдауы мен әріптестерімізді осында қабылдау мүмкіндігін ұсынғаны үшін ризамыз. Ауғанстанда жұмыс істеу үшін бүкіл әлемнің әр түкпірінен, Еуропадан, Солтүстік Америкадан жиналған БҰҰ қызметкерлері осында келіп отыр. Олар Ауғанстанға көмек көрсету жұмыстарын әрі қарай жалғастырады.

 

Кейбіреулері Ауғанстанға осы жақтан қолдау көрсету үшін Алматыда қалады, ал басқалары одан әрі өздерінің тұратын елдеріне немесе БҰҰ құрылымындағы агенттіктерінің кеңселері орналасқан елдерге ұшады», деді БҰҰ өкілі.

Сондай-ақ, ол осындай құбылмалы кезеңде жедел көмек ұсынған Қазақстан тарапына ұйым өкілдерінің алғысын жеткізді.

«Өздеріңіз білетіндей, Ауғанстандағы жағдай қазір өте құбылмалы және тұрақсыз. Ұшаққа жету үшін біраз уақыт қажет болды. Біз қазақстандық биліктің көрсеткен қолдауы, сондай-ақ әріптестерімізді осында қабылдау мәселесінде көрсеткен көмегі үшін өте ризамыз», деді Микаэла Фриберг-Стори.

Соңғы жаңалықтар

Балықшы

Өнер • Кеше

Ғалым ғибраты

Аймақтар • Кеше

Бюрократизм

Қоғам • Кеше

Бірінші байлық

Руханият • Кеше

Агробанк керек пе?

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар