Әлем • 19 Тамыз, 2021

АҚШ әскері Ауғанстанда қалуы мүмкін

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ әскері Ауғанстанда 31 тамыздан кейін де қала беруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ әскері Ауғанстанда қалуы мүмкін

Бұл туралы АҚШ Президенті Джо Байден ABC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Ол осы айдың аяғына дейін ауған жерінен барлық америкалықты шығарып үлгермесе, мерзімді әрі қарай созатынын айтты.

Ақ үй басшысының мәліметі бойынша 15 мың өз азаматтарынан басқа 65 мың ауған тұрғыны Құрама Штаттарға жеткізілуі тиіс. Сондай-ақ Байден егер эвакуация 31 тамызға дейін аяқталса, барлық әскер Ауғанстаннан кесімді мерзімде кететінін атап өтті.

«Ауғанстаннан жайдан жай, ың-шыңсыз кетуге болатын еді деген идеяға сенбеймін. Әскерімізді шығарудың түбі осындай аласапыранға ұрындыратыны бесенеден белгілі еді. Бірақ біз тәліптер елден кеткісі келетін адамдарды ұстап, жібермей қояды деп күтпедік және АҚШ сарбаздарын сол жақта қалдыру туралы шешім қабылдасақ, онда бұдан да көп әскер кіргізуге мәжбүр болатын едік», деп мәлімдеді АҚШ Президенті Джо Байден.