Әлем • 19 Тамыз, 2021

Әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде кімдер бар?

12297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Amazon және Blue Origin ғарыш компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос Forbes Real-Time миллиардерлерінің жаңартылған тізімінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Head Topics-ке сілтеме жасап.

Әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде кімдер бар?

Өткен тәулікте Безостың жағдайы 2,1 миллиард доллардан 185,9 миллиард долларға дейін төмендеді.

Екінші орында SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск тұр, оның байлығы 5,2 миллиард доллардан, 180,5 миллиард долларға дейін өсті.

Осылайша, Louis Vuitton Moet Hennessy тобының президенті Бернар Арно әлемдегі ең бай адам мәртебесінен айырылды. Рейтинг нәтижелері бойынша миллиардер 19,1 миллиард доллар жоғалтып, үшінші сатыға төмендеді. Қазіргі уақытта оның байлығы 175,6 миллиард долларға бағаланады. Арноға тиесілі LVMH конгломератының акциялары еуропалық сауда-саттықта 5,2 пайызға төмендеп, кәсіпкердің байлығын 9,9 миллиард долларға қысқартты.

Одан бір саты төмен Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс пен Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг орналасты.