21 Қаңтар, 2014

Бокс: Самат Башенов Азияның жыл боксшысы атанды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Samat Bashenov

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) қазақстандық былғары қолғап шебері Самат Башеновті Азияның жыл боксшысы деп атады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Былтыр «Astana arlans» командасының құрамында WSB чемпионы атанған Самат Башенов бес жекпе-жекте жеңіске жетсе,  біреуінде ғана украин Василий Ломаченкодан есе жіберген еді. Халықаралық әуесқой боекс федерациясы Саматтың осы жеңістерін бағалап, оны Азияның жыл боксшысы деп таныды.

Биылғы маусымда Башенов Ресейдің «Russian Boxing Team» командасының құрамында қолғап түйістіруде. Былтыр WSB бойынша Азияның үздік боксшысы атағын Руслан Мырсатаев алған болатын.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: «Astana arlans» жартылай кәсіпқой клубының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар