Қазақстан • 19 Тамыз, 2021

Қазақстанда Илон Масктың муралы пайда болды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​құю-машина жасау зауытының қабырғасында Қаныш Сәтбаев пен Илон Масктың портреті пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда Илон Масктың муралы пайда болды

Фото: КЛМЗ/Instagram

«Екеуінің ортасында қандай байланыс болуы мүмкін?  Қазақстақ металлургиясының әкесі Қаныш Сәтбаев - зауыттың тарихын, ал Илон Маск зауыттың болашағын бейнелейді», деп түсіндірді металл конструкциялары өндірісінің басшысы Ұлан Абеков.

«Мой город» порталының жазуынша, сурет «поп-арт» техникасымен салынған. Авторы - суретші Шыңғыс Қасымов. Екі қабырғаны безендіруге екі апта уақыт кетті.