Әлем • 19 Тамыз, 2021

Мексикада бірінші санатты дауыл басталды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы аптада Гаити мен Кариб бассейні аралдарынан келген тропикалық дауыл бейсенбі күні таңертең Мексиканың Юкатан түбегіне жетті, деп жазады Egemen.kz.

Мексикада бірінші санатты дауыл басталды

Фото: Paola Chiomante / Reuters

Ұлттық дауыл орталығының мәліметінше, дауыл Канкунның оңтүстігінде орналасқан Тулум маңындағы жағалауға таңғы сағат 4:45 шамасында жеткен.

NHC хабарлауынша, «Грейс» циклоны Юкатанның шығыс жағалауының көп бөлігіне, соның ішінде Канкун, Козумел және Пунта Эррероға екіпіні қатты жел, қауіпті дауыл мен нөсер жаңбыр әкеледі.

Сейсенбіден бастап бұл аймаққа дауыл туралы ескерту жасалды, өйткені циклон батысқа қарай жылжып келеді.

Плайя-дель-Карменде жел сағатына 85 миль, Канкунда желдің сағатына 80 миль жылдамдықпен соқты. 

Юкатан түбегінің орталық және солтүстік бөліктерінде 4 дюймнен 8 дюймге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Оның су тасқынына әкелу қаупі жоғары.

Қазір Кинтана-Роода кемінде 125 турист қонақүйлерден эвакуацияланды.

Жергілікті үкімет сегіз муниципалитет үшін «ең жоғары тәуекелді» білдіретін қызыл ескерту жариялады, оның ішінде: Фелипе Каррилло Пуэрто, Тулум, Солидеридад, Пуэрто Морелос, Бенито Хуарес, Лазаро Карденас, Исла Мухерес және Козумел бар.