
Биыл елімізде футболдан Қазақстан чемпионаты ресми түрде 9 наурыз күні басталады. Осы күні қалыптасқан дәстүр бойынша былтырғы ел чемпионы мен Қазақстан кубогының иегері арасында суперкубок матчы өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Суперкубок матчы «Астана арена» стадионында өтіп, онда«Шахтер» мен «Ақтөбе» командалары кездеседі. Осыдан кейін чемпионаттың бірінші тур ойындары өтеді. Бұл кездесулер 15 наурызға жоспарланып отыр. Биылғы маусымның үздік командасы 9 қазанда белгілі болады. Осы күні Қазақстан чемпионы анықталады. Тағы бір айтатын нәрсе, биылғы чемпионатта төменгі үші орынды алған команда бірінші лигаға кетеді. Олардың орнын бірінші лигада топжарған команда ғана алмастырады. Өйткені, 2015 жылдан бастап Қазақстан чемпионатында он команда ойнайды.
Командалардың ойын кестесін мына жерден көрулеріңізге болады: http://www.kff.kz/kaz/news/2612/
Дастан Кенжалин.
Дереккөз:http://www.kff.kz