Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Нығметжан Мақажанов өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы мәлімет берді.
«Биыл сәуірде Мемлекет басшысы ағымдағы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын атап өткен жөн.
Жалпы қабылданған жаңашылдықтар заңнама нормаларын жетілдіруге, қауіпті объектілердегі мемлекеттік қадағалаудың тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізе алатын ұйымдардың қызметін реттеуге бағытталған», деді комитет басшысы Оның айтуынша, заңнамалық өзгерістердің нәтижесінде өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғаларының мәртебесі күшейтілген «Атап айтқанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төнетін жағдай байқалса, өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғалары жұмысты уақытша тоқтатып, тексеру ұйымдастыруға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмыстан шеттетуге құқылы.
Бұл жаңалықтар кәсіпорынға өз қызметінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуын өз бетінше анықтауға мүмкіндік береді. Бір жағынан жұмыс беруші ықтимал олқылықтың алдын алуға мүдделі болады. Өйткені кәсіпорынның жұмысында өрекел олқылық табылмаса, бір жылға тексеруден босатылуы мүмкін. Осылайша кәсіпорын басшылары мен құрылтайшыларын ынталандыру шарасы енгізіліп отыр», деді Нығметжан Мақажанов.