Медицина • 16 Тамыз, 2021

Нейрохирургиядағы тың технологиялардың мүмкіндігі мол

355 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында, Нейрохирургия орталығында, стереотаксикалдық радиотерапия әдісімен бас миындағы ісіктерді емдеу үшін жоғары технологиялық жабдық «Лекселла Гамма-пышағы» пайда болды. 

Қазақстан бас миындағы ісікті және кейбір басқа ауруларды емдеу үшін ұқсас аппараты бар ТМД-да үшінші және Орталық Азияда бірінші елге айналды.

Нейрохирургиядағы тың технологиялардың мүмкіндігі мол

Нейрохирургия орталығының дәрігерлері мен пациенттерінде қандай мүмкіндіктер пайда болғаны туралы бізге радиология және радиохирургия бөлімшесінің нейрохирургы Нұрзат Сығай әңгімелеп берді.

- Нұрзат Аширбекұлы, Гамма-пышақ жаңа кешенінің пайда болуы Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмысына жалпы қалай әсер етеді, оның мүмкіндіктері қаншалықты кеңейеді?

- Айта кеткім келеді, біз оны ұзақ күттік. Тестілік түрде ашылған мезгілінен бастап, бірінші жұмыс айы ішінде 25 пациентті емдедік, оның өзі үнемдеу режімінде жұмыс істегенімізді ескерсек. Қазір пациенттерге кеңес берудеміз, ауруханаға жатқызу жуырдағы екі айға толық жазу жасалған. Қажеттілік үлкен, алайда физикалық тұрғыдан соншалықты пациенттерді емдей алмаймыз. Жылдамдауымызға қарай, күніне 3-4 адам қабылдай алатын боламыз. Гамма-пышақтың пацинттеріміз үшін маңыздылығын түсінуі бар деп айта аламын. Адамдар белсенді түрде қызығушылықтарын білдіруде. Мұны бізге ресми сайтта, әлеуметтік желілердегі парақтарда, электронды поштада келіп түсетін сұраныстардың көптігінен байқаймыз - бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаны жиі жариялаған сайын пациенттер ағымы артып келеді.

Сондай-ақ, Гамма-пышақ – бұл адамдарды емдеудегі үлкен мүмкіндіктер.

-Қазақстан аймақтарында нейрохирургиялық көмекті талап ететін, ауруларды диагностикалау және анықтау жүйесі қалай жұмыс істейді?

- Қазіргі таңда жүйе мінсіз түрде деп айта алмаймын, себебі көптеген мамандар радиохирургияның мәнін аса түсіне қоймайды. Бұл жерде ағартушылық жұмыс жүргізу қажет. Сондықтан біз Қазақстандық нейрохирургтардың қауымдастығы көмегімен, аймақтық ірі ауруханалар және орталықтармен, денсаулық сақтау басқармаларымен байланыстарымызды пайдаланып, жұмысты орындарында жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұрын Қазақстанда ондай аппаратура болмады, жалпы Орталық Азияда бұл бірінші аппарат. Сондықтан сәулелену терапиясын алу үшін, пациенттерді онкологтарға жіберетінбіз. Қазір радиохирургияға көрсеткіштері бар пациенттерді мақсатты түрде бізге жіберу үшін, парадигманы, емдеудің барлық алгоритмін толық ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Жалпы, біз басқа қалалардан келетін науқастардың ағымы көбейіп келе жатқанын көріп отырмыз, оларға жергілікті жерлерде радиохирургиялық емдеу ұсынылды. Дәрігерлер қауымдастығы радиохирургияның мүмкіндіктері туралы естулері бар.

Сіздердің бөлімде ем қабылдамас бұрын науқас қандай жолдан өтеді?
- Екі нұсқасы бар. Бірінші — адам тұрғылықты тұратын орны бойынша жергілікті дәрігеріне барады, егер дәрігер нейрохирургиялық кеңес қажет деп шешетін болса, сұраныс жасап, сырттай немесе көзбе-көз бізге кеңеске жібереді. Біздің мамандар барлық кескіндерінен кейін шешім қабылдайды: пациент радиохирургияға жарайды немесе жарамайды. Екінші жол — пациенттер өздері бізге сұраныс жасап, өздерінің құжаттарын жібереді. Оларды қарап зерттегеннен кейін біздің мамандар, бұл жағдайда радиохирургия тиімді болатын-болмайтынын шешеді. Егер оң шешім болса – бізге стационарға келетін күнін тағайындаймыз. Емдеу квота бойынша, МӘМС есебінен өтеді.

-Гамма-пышақ – бұл пациенттің нейрохиругия орталығына емделу кешенінің бір бөлігі ғана. Бұл кешен қалай жұмыс істейді? Бұл жерде не маңызды болып табылады?

- Біз нейрохирургия базасында жұмыс істейтін болғандықтан, икемді тәсіл қолданамыз. Әрбір жағдайды түрлі саладағы бірнеше маман қарайды. Бізде пациенттерге операция жасайтын, хирургиялық бөлімше бар, егер хирургтар радикалды зиян келтіруі мүмкіндігін көретін болса, онда олар радиохирургияға келетін, қалдық ісікке дейін келіп тоқтайды. Адам операциядан кейін қалпына келгенде, біз оның кескіндерін қарап, әрі қарай қандай ем тиімді болатынын шешеміз. Сабақтастық бар, біз пациенттерді проблемаларымен жалғыз қалдырмаймыз. Бұл тұрғыдан бізге оңай, біз орталығымыздың басқа дәрігерлерін – тамырлы нейрохирург, онколлогтар және т.б. тарта аламыз. 

-Нейрохирургтың жұмысының мәні неде? Кәдімгі хирургтың жұмысынан айырмашылығы қандай?

- Жалпы айырмашылығы жоқ. Радиохирургтың негізі бұл нейрохирург. Себебі ол нейрохирургиялық патологиямен жұмыс істейді, ол онымен таныс. Тек қана құрал-саймандары әртүрлі, радиохирургта скальпельдің орнына – бөлшектердің ағыны. Алайда радиохирургия қосымша білімдерді қажет етеді - радиология, радиобиология, дозиметрия, радиофизика, радиациялық қауіпсіздік.  

-Гамма-пышақ кешенінде жұмысты меңгеру қаншалықты қиын болды? Мұнда бүкіл дәрігерлер тобының жұмысы маңызды ма, әлде бәрі бір адамның шеберлігіне байланысты ма?

- Табысты емнің негізі — команданың мультитәртіптік жұмыс істеуінде. Бұл емдеудің соңғы жоспарын бір ғана маман емес, нақты команда қабылдайтынын білдіреді. Медициналық физик емдеу жоспарының өміршеңдігін растайды. Радиолог және нейрохирург өздерінің қорытындысын береді. Радиациялық онколог та өз пікірін білдіреді. Осындай консилиумнан кейін ғана пациент ем алуға жіберіледі. Оқытуға келетін болсақ, бұл өте қымбат құрал-жабдық деп айту керек, ал шведтің өзі шығаратын және бүкіл әлемде стереотаксикалық радиохирургияны дамытатын ELEKTA компаниясы бұған қазақстандық серіктесімен бірге көп уақыт бөлді. Прагадан арнайы команда келді, біздің мамандарды Н.Бурденко атындағы Нейрохирургияның Ұлттық медициналық орталығының ресейлік әріптестері дайындады. Біздің орталықтың тестілік ашылуына Орталық басшысы доктор А.В.Головановтың басқаруымен команда Мәскеуден келді, біз бірлесіп бірнеше операция өткіздік. Нәтижелері бойынша, олар біздің команданың кәсібилігі мен болашағы барын атап өтті. 

Бірақ осымен бітпейді. Тығырыққа әкелетін, күрделі жағдайлар да болады, ұжымдық тәсілді талап етеді. Мұндай жағдайларда біз өзіміздің менторларымызбен байланысқа шығамыз, бірлесіп талқыға саламыз. Олар әрқашан көмекке келуге даяр. 

- Адамда нейрохирургиялық көмекті қажет ететін күрделі аурулардың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді, мысалы, өмір салты, тұқым қуалаушылық, зиянды әдеттер? Ауру қаупін төмендетуге бола ма?

- Диспансерлеу, скриниг өте маңызды. Бұрын, кеңес уақытында, емханалық көмек жақсы дамыған болатын, қазір біз соған оралып келеміз. Ауруды ерте анықтау үшін, бұл қолайлы әрі жақсы модель болған. Шындығында, ісіктерді болдырмауға арналған әмбебап ұсыныстар жоқ. Олар неге пайда болатынын, әлі күнге дейін ешкім білмейді. Бұл көп факторлы ауру, қарапайым салауатты өмір салтын сақтаудан басқа – заманауи зерттеулер. Өкінішке орай, біздің адамдар дәрігерлерден қорқады және аса ауыр жағдайда түскенде бірақ келеді. Бір кеңес: егер сізді бір нәрсе мазаласа, мүмкін себептерді ойластырып, интернеттен ұсыныстар іздемеңіз, маманға келіп, тексеруден өтуіңіз керек.

Әрқашан сәтті өткізіп алмау үшін, онкосақтық болу қажет. Алдымен онкологияны жоққа шығару, ал содан кейін жете тексерілу керек. Қазір барлық облыстық орталықтарда түрлі диагностикалық әдістер бар, егер пациент сақтандырылған болса, осы қымбат тұратын процедуралардан өту МӘМС есебінен жабылады.