
Азия бокс федерациясы өткен жылғы жұмыстарын қорытындылап, құрлықтың үздіктерін анықтады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Онда «Жылдың ең үздік ер боксшысы» номинациясы бойынша бас жүлдеге Мерей Ақшалов ие болды. Бұл атақты құрлықтық федерация Ақшаловқа былтыр әлем және Азия чемпионатын жеңіп алғаны үшін берді. Келесі «Жылдың ең үздік жас боксшысы» атағын да қазақстандық боксшы иеленді. Бұл номинация бойынша сыйлықты Абылайхан Жүсіпов алды. Ол былтыр 57 кило салмақта Украинаның Киев қаласында өткен әлем чемпионатын ұтып алса, Шымкентте Азия чемпионы атанған болатын. Қазір Абылайхан 16 жаста. Бұған дейін www.egemen.kzсайтында жазғанымыздай, Самат Башенов WSB сериясы бойынша Азияның үздік боксшысы атанды. Ал Қазақстан бокс федерациясы 2013 жылдың «Азия құрлығындағы ең үздік федерация» деп танылды. Сонымен бірге «Жылдың басты жаңалығы» атағын қырғыз Азат Үсенәлиев иеленді. Былтыр Азия чемпионатын жеңіп алған Алатаудың ар жағындағы айырқалпақты ағайындардың боксшысы бұл атаққа әбден лайық деп білеміз.
Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының сайтында Мерей Ақшалов туралы жарияланған материалды мына жерден көруге болады: http://aiba.org/en-US/news/ozqsp/newsId/5684/news.aspx
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: http://aiba.org