Қоғам • 20 Тамыз, 2021

Сәтбаевта қала тұрғынын атып кетті

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 тамыз күні сағат 01.00-де Сәтбаев қаласында белгісіз біреу 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәтбаевта қала тұрғынын атып кетті

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Оқиға орнында Қарағанды облысы Полиция департаментінің және Сәтбаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеуде. Жасалған қылмыстың түрлі нұсқалары тексеріліп жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралары жүріп жатыр.