22 Қаңтар, 2014

Тхеквондо – Қазақстанда қарқынды дамыған спорт түрі

860 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чомен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

21-01-02-jpg

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чомен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

21-01-02-jpg

Қазақстан Президенті Бүкіл­әлемдік тхэквондо федерациясы басшысының сапары еліміздегі бұл спорт түрінің дамуына одан әрі серпін беретінін айтып, ризашылығын білдірді.

– Қазақстанның тхэквондо федерациясы Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясы құрамына 1993 жылы кірді. Осы кезден бастап спорттық жекпе-жектің осы түрі біздің елде қарқынды дами бастады, 11 мың адам белсене айналысуда, 250-ге жуық жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазақстандық спортшылар әлемдік жарыстарда 9 қола медаль иеленді, ал азиялық деңгейде алтын медаль да бар. Бұл тамаша спорт түрі одан әрі дами береді деген үмітіміз зор. Себебі, ол жастарды тәрбиелеуге және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Мен сіздің сапарыңыз жастардың назарын осы спорт түріне одан әрі аудара түседі деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы біздің ұлттың жауынгерлік өнерге бейім екенін, Қазақстан жекпе-жектің өзге түрлері және спорттың күш-қуатқа негізделген түрлері бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтті.

Чунгвон Чо қабылдау үшін алғысын айтып, Қазақстанға тхэквондоның одан әрі таныла түсуіне бағытталған сапарының маңызды екеніне тоқталды.

– Мен Сіздің Қазақстанда және өзге де елдерде тхэквондоны­ дамытудағы білімділігіңізге тәнті болдым. Бүгінде Қазақстан – тхэквондо бойынша жарыстарда Олимпиялық ойындардың тұрақты қатысушысы және сіз­дің елдеріңіздің әлеуеті зор. Тхэквондо Қазақстанда жедел да­муда, ал спортшыларыңыз спорттың барлық түрі бойынша зор табысқа жетуде. Мен жуық арада Мемлекет басшысының қолдауымен сіздердің спорт­шы­ларыңыз Олимпиаданың алтын медалін иеленеді және әлем біріншіліктерінде жеңіске жетеді деп сенемін. Қазіргі уақытта тхэквондо спорттық жекпе-жектің қарқынды дамып келе жатқан түрі болып саналады. Мысалы, әлемде шамамен 80 млн. адам шұғылданады, ал Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясына 205 ел мүшелікке өткен, – деді Чунгвон Чо.

Сонымен қатар, кездесуде жалпы және спорттық медицина саласындағы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өзара ықпалдастық, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының әлемдік стандарттарын енгізу жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Соңында Чунгвон Чо Нұр­сұл­тан Назарбаевқа тхэквондо (WTF) бойынша құрметті тоғызыншы дан дәрежесі белгісін, сондай-ақ, тиісті белбеу мен кимононы тапсырды.      

Мемлекет басшысы бұл кимоно алдағы уақытта тхэквондо бойынша жоғары дан иеленген қазақстандық спортшыға тапсырылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар