Қазақстан • 20 Тамыз, 2021

OneWeb спутниктерінің ұшу уақыты өзгерді

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Союз-2.1б» зымыран тасығышының ұшырылуы басқа күнге ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

OneWeb спутниктерінің ұшу уақыты өзгерді

Ұшу жоспар бойынша бүгін, 20 тамызда, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 04:23-те Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан жоспарланған.

«Роскосмос» телестудиясының Байқоңырдан тікелей трансляциясы белгіленген уақыттан бір сағат бұрын басталды, бірақ ұшуға бірнеше минут қалғанда, жүргізушілер кейінге қалдыру туралы хабарлады.

Роскосмостың ақпараттық хабарламасында «Фрегат» жоғарғы сатысы бар «Союз-2.1б» зымыран тасығышының және OneWeb спутниктік компаниясының 34 ғарыш кемесінің ұшырылуы техникалық себептерге байланысты резервтік уақытқа ауыстырылғаны айтылды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша Союз-2.1б зымыран тасығышының ұшырылуы 2021 жылдың 21 тамызында Мәскеу уақытымен 01:18:20 (Нұр уақыты бойынша 4:18:20) жоспарланған деп көрсетілген.

OneWeb ғарыш кемесі жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге арналған. Бүгінде төмен орбитадағы OneWeb спутниктерінің шоқжұлдызы 254 ғарыш аппаратын құрайды. Бұл жолы 34 жер серігін ұшыру жоспарланған.