Білім ордасында 2019 жылы үш пирамидалы «FLORA&FAUNA» жаратылыстану пәндері лабораториясы ашылып, қыркүйек айында балалар 2 дана банан өсімдігін отырғызған болатын.
Оқушылар мен жаратылыстану бағытындағы мұғалімдердің банан өсімдігін бейімдеу және өсіріп-баптау бойынша жүргізген ғылыми жобалары бүгінде жемісін берді.
Бұдан бөлек, ғылыми жұмыс барысында 10 түрлі цитрустық өсімдік егілген. Қазір лимоннан 60 түп көшет салып тұр. 7 түп банан, 8 түп мандарин, 9 түп анар, 4 түп киви, 4 түп ананас, 15 түп құрма, 80 түп бадам отырғызған.