Аймақтар • 20 Тамыз, 2021

Маңғыстауда 2 медициналық орталықтың құрылысы басталды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Батыр ауылында қос бірдей медициналық орталықтың құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Маңғыстауда 2 медициналық орталықтың құрылысы басталды

Батыр ауылдық округінің әкімі Сауыт Айтбаевтың айтуынша, қазір 15 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда жалғыз дәрігерлік амбулатория қызмет етеді. Ал жергілікті халық саны күн сайын артып келеді. Сондықтан медицина нысаны бұл ауылға аса қажет.

«Екі бірдей денсаулық сақтау ғимаратының құрылысының жуырда қолданысқа берілетіні біздің ауыл тұрғындары үшін қуанышты хабар. Аталған орталықтар ауылымыздың «Астана» шағын ауданында салынып жатыр. Бірінің аумағы 300 шаршы метр, екіншісі 500 шаршы метрді құрайды. Біреуі 7000 тұрғынға қызмет көрсетсе, күніне 100-ге жуық адамды қабылдай алады. Ал екінші орталық 15 000 адамға медициналық қызмет ұсына алады, тәулігіне 300 бен 500 аралығындағы азаматты қамтиды. Құрылыс жұмысы аяқталса, 100-ге жуық маман жұмыспен қамтылмақ», деді ауылдық округінің әкімі Сауыт Айтбаев.

Айта кетейік, жаңа нысандар қазан және қараша айларында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар