Вице-министрдің айтуынша, маман тапшылығын реттеу үшін Қазақстанда 2010 жылдан бері балалар мен жасөспірімдер геологиялық қозғалысы жұмыс істейді.
«Қазіргі уақытта 40 үйірме жұмыс істейді, онда Қазақстанның 19 қаласынан 600-ден астам оқушы бар. Сабақ барысында балалар топографиялық картамен және геологиялық компаспен жұмыс істеуді, жатыс элементтерін өлшеуді және жыныс қабатының қуатын анықтауды, минералдар мен тау жыныстарын табуды және олардың сипаттамасын жасауды үйренеді», дейді вице-министр.
Сондай-ақ Қазақстанның үздік командалары жыл сайын жас геологтардың шетелдік олимпиадаларына және жер туралы ғылымдардың халықаралық олимпиадасына (IESO) қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.