Экономика • 20 Тамыз, 2021

Қазақстанда сұранысқа ие көліктер анықталды

1138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда жыл басынан бері 67 мыңға жуық жаңа көлік сатылған. Бұл өткен жылдан 1,5 есе көп, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда сұранысқа ие көліктер анықталды

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2021 жылдың шілде айында жаңа көліктердің сатылымы маусым айымен салыстырғанда біршама азайған. Алайда өткен жылдың шілде айымен салыстыратын болсақ аталмыш көрсеткіш 41,79%-ға жоғары. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Жалпы әлем бойынша машина өнеркәсібі әлі де электрондық жиынтықтардың тапшылығын көріп отыр. Қазақстандық автобизнес қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, алдағы айларда әлі де автомобиль тапшылығы болады. Бұл Қазақстанға бағытталған жеткізілімдерге де әсер етеді.

Қытай арқылы қазақстандық жүктердің транзитін шектеу мәселесі де айтарлықтай қиындық тудырып отыр. Бүгінгі таңда бұл жайт импорттаушыларды да алаңдатады.

2021 жылдың шілде айында қазақстандық дилерлер 10 301 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника, сондай-ақ 367 жүк көлігі, арнайы техника мен автобус сатты. Жалпы жыл басынан бері 66 946 техника сатылды, бұл 2020 жылдың қаңтар-шілде айларына қарағанда 53,1%-ға көп.

Шілде айында нарық үлесінің 29% құрайтын брендтердің ондығын Chevrolet бастады – 3 094, екінші орында Hyundai көліктері – 2012 (үлесі 18,9%). Соңғы екі ай бойы үшінші орында тұрған Kia брендінің – 1 216 техникасы сатылған. Toyota дилерлері шілде айында 1 199 автокөлік сатты. Ең көп сатылатын брендтердің ішінде бесінші орында LADA тұр – 518 техника. Алтыншы орында Volkswagen (448 бірлік), жетінші орында позициялардың өзгеруі байқалады– Renault сатылымы Nissan-нан асып түсті (285 бірлік және 264 бірлік). Ал, ондықты JAC (201 бірлік) және Haval (141 бірлік) қорытындылайды.

2021 жылдың шілде айындағы ең танымал топ-10 модель: Chevrolet Cobalt – (1 555 бірлік), Chevrolet Nexia – (1 246 бірлік) және Hyundai Accent - (830 бірлік). Бұдан әрі тізім бойынша: Kia Rio (662 бірлік), Toyota Camry (490 бірлік), Volkswagen Polo (323 бірлік), Kia Sportage (290 бірлік), Hyundai Creta (280 бірлік), Hyundai Sonata (276 бірлік), Toyota Rav4 (261 бірлік).

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00