Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен;
Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.