Әлем • 21 Тамыз, 2021

АҚШ конгрессі Байденге импичмент жариялауды ұсынды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата мүшесі Марджори Тэйлор Грин АҚШ президенті Джо Байденге импичмент жариялау туралы үш қарар жобасын АҚШ Конгрессіне ұсынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ конгрессі Байденге импичмент жариялауды ұсынды

Ол Конгреске АҚШ лидерін Ауғанстандағы мыңдаған адамды Талибан қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билігінде қалдырғаны үшін американдық көшбасшыны биліктен кетіру туралы қарар жобаларын ұсынғанын айтты. 

Грин президент Америка Құрама Штаттарының оңтүстік шекарасында дағдарысқа жол беріп, иммиграциялық заңдарды бұзғанын да алға тартты.

«Сонымен бірге, Джо Байден президенттік еткен жеті айда Американың әлем алдындағы құрметінің төмендегеніне назар аудартты. Дәлелдер анық оған импичмент жариялау қажет», деді Марджори Тэйлор Грин.

Қазіргі уақытта демократтар парламенттің екі палатасын да бақылайды. Сондықтан Гриннің ұсынысының қабылдану ықтималдығы төмен.