Reuters агенттігінің жазуынша, тәлібтер өкілі алдағы аптада Ауғанстанды басқарудың жаңа жүйесі ұсынылатынын мәлімдеді. Тәлібтер өкілі Ауғанстандағы басқарудың жаңа үлгісі барлық тұрғындардың құқығын қорғауға бағытталатынын айтты.
Сондай-ақ Reuters тәлібтер өкілі олардың Кабул әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысы жоқ екенін мәлімдегенін жазды.