Әлем • 21 Тамыз, 2021

АҚШ әскерилері тағы 159 ауғанды эвакуациялады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кабулда тәліптерден бас сауғалап батыс елдерінен пана іздеген Ауғандарды эвакуациялау жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.



АҚШ әскерилері тағы 159 ауғанды эвакуациялады

Кеше кешкісін АҚШ әскерилері Германияның Рамштайн қаласына тағы 159 адам жеткізді. Неміс жеріне табан тіреген азаматтардың барлығы коронавирусқа байланысты карантиннен өтеді. Жалпы АҚШ Ауғанстаннан эвакуацияланған азаматтарын орналастыру үшін бұл базадағы орынды 5 мыңнан 10 мыңға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. 

«Олардың бәрінің шаршап шалдыққаны байқалады. Бірақ әйелдер мен балалардың күлімдеген жүздері көңіліңізге қуаныш ұялатады. Карантиннен кейін эвакуацияланғандардың ішінде жат пиғылды жандар болмас үшін тексерулер жүргізу қарастырылған», деді АҚШ әскерінің өкілі Джош Олсон.

Ал Еуроодаққа эвакуацияланып жатқан ауғандықтардың біраз бөлігі Мадридтегі, Торрахон Де Ардос әскери әуежайына жеткізіліп жатыр. Босқындардың көбі – одаққа қызмет еткен ауған азаматтары. Бұл жерде 1 мың адамға арналаған орын дайындалған. Осы жерде бірнеше күн аялдаған соң олар өзге еуропалық елдердегі қабылдау орындарына жіберіледі.