Апат орнында түсірілген бейнематериал әлеуметтік желіде таралды. «Алматыэлетротранс» хабарлағандай, жол апаты 21 тамызда сағат 14 шамасында Абай даңғылының батыс бағытында, Байзақов көшесінен кейін орын алған.
«BN 1240 троллейбусының жүргізушісі кенеттен өзін нашар сезініп, көлікті басқара алмай, жер асты өткелінің қабырғасына соғылды. Апаттан жеті адам зардап шекті. Аталған факті ПД-да тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде», деп хабарлады компаниядан.